Әссәләму алейкум уа раһматуллаһи уа баракятух✨
Пайғамбарымыз (ﷺ):
«Жұма күнінде қасиетті бір сағат бар. Мұсылман сол сағатта намаз оқып, қол жайып тілек қылса, Алла тағала оның тілегін міндетті түрде қабыл алады»
Тағы бір хадисінде:
«Алақанында ақ айнасы бар Жәбірейіл періште маған келіп:
— Алла тағала саған және сенің үмбетіңе мейрам күні болсын деп жұма күнін парыз қылды, – деді.
Мен:
— Бұл күнде не бар? – деп сұрағанымда,
Жәбірейіл:
—Сендер үшін бұл күнде қайырлы бір сағат бар, кім сол сағат ішінде тағдырында жазылған нәрсені сұраса, Алла тағала сұрағанын береді. Егер ол сұрағаны тағдырында жазылмаған болса, Алла оны ақыретте артығымен береді. Егер пенде жаманшылықтан Аллаға сыйынса, (тағдырында жазулы жаманшылықтан), Алла оны одан да асқан жаманшылықтан сақтайды. Бұл күн күндердің сұлтаны әрі біз бұл күнді «яумул - мазид» (жақсылығы мол күн) деп атаймыз»